• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 

Бейне

Embed
Гилан облысындағы Масуле теңізге жақын биік таулы жерде орналасқан. Таулы жерде орналасуына байланысты Масуле ауа райы жағымды болып келеді және осындай ауа райы мен жайлы климаты арқылы табиғатты сүюші туристерді өзіне тартады. Масуле аймағындағы тау етегіне сатылай салынған үйлер қала құрылысының танымал үлгілерінің бірі болып саналады.
Embed
Ресей мен Армения Иранда су тасқынынан зардап шеккен шығыс Әзербайжан облысына гуманитарлық көмек берді. Еске салсақ, Иранда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, қаза тапқандар саны 44-ке жеткен болатын.
Embed
Embed
Иранның тарихи әрі көне Йезд қаласы 2017 жылы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Йезд қаласында көптеген көне сәулет ескерткіштер мен көненің мәдени көзі көп сақталған. Йездте үйлердің көбісі қыштан салынған. Йезд қаласын Марко Поло тамаша сипаттайды. Йезд қаласы бірнеше ғасырлар бұрынғы күйін сақтап қалған Иранның көне қалаларының бірі.
Embed
Иранның Ислам революциясы–тарихтың ең үлкен оқиғаларының бірі. Көптеген жылдар бойы Батыстыңүстемдігін бастан өткерген Иран имам Хомейни басқарған ислам революциясының жеңісінен кейін жаңа бастауларға ие болды. Иран осыдан 40 жыл бұрын революция арқылы Батыстың билеп-төстеушілігін тоқтатты. 1979 жылы Ислам революциясы халықтың «Тәуелсіздік» пен «Азаттық» деген ұрандарымен жеңіске жетті.
Embed
Үндістан студенттері кішкентай спутник ойлап тапты. Спутниктің кішкентай болғандығы соншалық алақанда ұстауға болады. СпутниктіSpace Kidz India орталығының оқушылары жасап шыққан. 10 см болатын жер серігі «KalamsatV2» деп аталадыжәне оның салмағы не бәрі 1,2 кг. Спутник көлемі кішкентай болғандықтан, оның жасалуынакөп шығын кетпейді. Оған 1.2 миллион рупий (16900доллар шамасында) қаражат жұмсалады.
Embed
Иранның Кашан қаласы 7 мың жылдық тарихы арқылы танымал. Кашан Иранның орталық аймағында орналасқан. Кашан – Иран таулы қыратының ең ежелгі қалаларының бірі. Кашан ауданының бір бөлігі далалы жерде, басқа бір бөлігі таулы жерде орналасқан. Кашанның бір бөлігі шөлді аймақта орналасқандықтан жазы ыстық және бір бөлігі таулы аймақта болғандықтан салқын әрі қоңыржай болып келеді. Иран саяхатшылары Кашанды әдемілік тұрғысынан Исфаханнан кейінгі екінші қала деп санайды. Сефевидтер дәуірінде Кашанда мата, кілем тоқу және қыш өнімдерін жасау ерекше дамыған. Бұл дәуірдегі Кашанның қолөнер бұйымдары әлемнің ең атақты мұражайларына қойылған. 2018 жылы Иранның кітап астанасы ретінде Кашан қаласы таңдалды.
24/12 - 02:14 Ялда түні
Embed
Иранның барлық облыстары мен әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген ирандықтар ялда түнін тойлауда. Жыл сайын желтоқсанның 21-нен 22-не қараған түні Иран халқы ялда мейрамын тойлайды. «Ялда түні» немесе «Челле» түні ирандықтардың көне мейрамдарының бірі. «Ялда түні» жылдың ең ұзақ түні және бұл мейрамнан кейін түн қысқарып, орнына күн ұзара бастайды.
12/12 - 01:54 Робот балық
Embed
Тірі балыққа ұқсас робот балықты Швейцария зерттеушілері жасап шығарды. Робот балықтың ерекшелігі олар тірі балықтармен бірге суда еркін жүзеді. Бұл робот балық аквариумдағы кішкене қозғалтқышқа қосылатын кішкентай магнитпен жабдықталған және олардың қозғалыстары тірі балық қозғалыстарына өте ұқсас. Робот балық тірі балықтар оларға үйренгеннен кейін ғана суда жүзе бастайды.
Embed
Ғылымдар арасында «нанотехнология» жаңа сала болып табылады. Қазіргі таңда бұл ғылым жылдамдықпен дамып келеді. Иран әлемдегі нанотехнологиясын өндіру саласында жоғары орнында. Нано саласындағы ирандық мамандар тынбай еңбек етіп, түрлі нано өнімдерін ашуда. Иранда 188 компания бұл салада жұмыстар атқаруда. 2017 жылы нанотехнологияға қатысты 9000 мақала жарық көрген. Иран әлемде нанотехнология саласында ғылыми мақалалар жариялау тұрғысынан төртінші орында тұр. Иран нанотехнология саласы бойынша алдыңғы елдер қатарында.
Embed
Африканың солтүстік-шығысында орналасқан Эритрея мемлекетінің екі баласы өмірлерінде алғашқы қарды көріп қатты қуанған. Олар анасымен бірге Канадаға келген босқындар.
Embed
Иранның түрлі облыстарында 13-ші абан күні (қарашаның 4-і) шерулер өтті. Иран халқы «Әлемдік үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні» деп аталған 13-ші абан күні ұлттық бірлік пен исламдық ынтымақтастықты, өзінің күш-құдіреті мен ұлылығын көрсетіп, өз революциясының басты үндеуі ретінде үстемшілдікпен жауласу туралы ұран айтады. Иран халқы биыл да өткен жылдардағыдай 13-ші абан күнгі жалпыхалықтық ауқымды шараларға қатысып, зұлымдық пен езгіге қарсы шеруге шықты. 13-ші абан әлемдік үстемшілдікпен күрес үдерісінде Иран Ислам революциясы тарихында орын алған үш маңызды оқиғаны еске салады. Бірі- 1964 жылдың 13-ші абан күні Имам Хомейнидің Түркияға қуылуы. Екіншісі- 1978 жылдың 13-ші абан күні зұлым режимнің ирандық оқушыларды қыруы және үшінші оқиға 1979 жылдың 13-ші абан күні ирандық студенттердің Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алудағы революциялық әрекеттері. Абан айының 13-і күні орын алған үш оқиға Иран революциясы мен жүйесінің қалыптасып, жеңіске жетуіне ерекше ықпал еткен үш маңызды оқиға болды.
Embed
Иранның Ғылым және технология университетінде 6-шы Халықаралық робототехника және мехатроника конференциясы өтті. Аталмыш конференцияда модератор көмекшісі робот болды. Конференцияға қатысушы робот парсы тілінен басқа әлемнің 20 тілінде сөйлей алады. Конференцияның ашылу салтанатында робот өзінің әрекеттерімен қатысушыларды таң қалдырды.
16/10 - 14:14 Түнгі Теһран
Embed
Теһран (парсыша: تهران‎ ) — Иран Ислам Республикасының астанасы, Азиядағы ең үлкен қалалардың бірі. Теһран қаласы мемлекеттің саяси, экономикалық, транспорттық, сауда-қаржы және мәдениет орталығы. Теһран әдемі ғимараттарымен, көрнекті жерлерімен, тауларымен ерекше көз тартады.
Embed
32 күн ішінде 7 мемлекетті аралап үлгерген Астаналық Қуат Болатов Иран еліне де саяхат жасады. Велосипедпен саяхаттаған жиһанкез 1800 шақырымды артқа тастап, 2500-ге жуық online және offline жүйеде адамдармен достасқан.
Embed
Embed
Embed
Embed
Embed
Американдық бір турист өзінің Ирандағы екі апталық сапары туралы видеосын жариялады. Видеода турист Иранның қауіпсіз ел екендігін баяндайды.
Embed
Embed
Embed
Иранның тарихи Исфахан қаласында орналасқан «Әли Ғоли Аға хаммам» мұражайы 1713 жылы салынған. Әли Ғоли Аға салған монша ішінде түрлі маникендер сол кезде пайдаланылған сәттерден көрініс беруде. Хаммам үйрек тәрізді жасалған шүмектері және т.б. әдемі бөлшектерімен ерекше.
Embed
Embed
Теһранның симфониялық оркестрі Ресейдің үш қаласында өнер көрсетті. Симфониялық оркестрдің бұл алғашқы рет Ресейде өнер көрсетуі. Концерттік бағдарламада еуропалық классика, ұлттық музыка және әлем кубогы үшін жазылған заманауи композициялар бар. Теһранның симфониялық оркестрі Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалаларында өнер көрсетті. Теһран симфониялық оркестрінің дирижері Рухани виртуоз-скрипач, пианист әрі композитор. Рухани XXIII Азиалық Олимпиада ойындарының ашылуы салтанатының музыкасын жазған.
Embed
Палестиналық мейірбике Разан әл-Наджар Газа секторы мен басып алынған Палестина шекарасында қатарынан оныншы жұма өтіп жатқан «Оралу» шеруі кезінде сионистік әскерилердің оғынан маусым айының 1-і жұма күні қаза тапты.
Embed
Мехабад қаласы Иранның Батыс Әзірбайжан облысында орналасқан. Бұл қаланы Ирандағы Күрдістан астанасы деп есептейді. Мехабад қаласының басым бөлігін күрдтер құрайды.
Embed
Embed
Embed
Сәуірдің он сегізі – Иран Ислам Республикасының Армия күні. Бұл күні - Иран әскерилерін марапаттап, олардың батылдығына құрметтер көрсетіледі. Армия күні барлық ирандықтар үшін маңызды. Армия күнін ұлықтау Иран мен ирандық құндылықтарды қорғауда өздерін құрбат еткен Иран армиясының жауынгерлеріне тағзым ету болып табылады.
Embed
Embed
Абиане ауылы құнды тарихи ескерткіштері, қызыл түсті әдемі үйлерімен этнографиялық мұражайға ұқсайды. Абиане жыл сайын көптеген туристерді қабылдайды. Абиане тарихи ауылы өзінің мәдени ерекшеліктері, ежелгі архитектуралық стилі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын сақтағандығы үшін әрдайым отандық және шетелдік туристердің ерекше назарына ие. Әдемі Абиане ауылы Загрос таулы сілеміне жататын Кәркас тауларының солтүстік-батысында орналасқан. Абиане аулының халқы таулы жерде орналасқандықтан, әрі адам көп қоныстанған орталықтар мен байланыс жолдарынан алыс болғандықтан, ғасырлар бойы оқшау өмір сүрген. Сондықтан ежелден бүгінге дейін ауыл тұрғындарының бірегей әдет-ғұрпы, тілі мен дәстүрлі киімдері сақталынған.
Embed
Сахулан су үңгірі Иранның Батыс Әзірбайжан провинциясында, Махабад қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан.
Embed
Сирия президенті Башар Асад жексенбі күні Шығыс Гутаға барып, Сирия армиясымен кездесті, деп хабарлайды «Fars news» агенттігі. Осыған дейін Сирия Қарулы Күштерінің қолбасшылары Шығыс Гутаның 70 пайызын азат еткендігін және осы аймақтағы бейбіт тұрғындарды шығаруда қауіпсіз орындардың дайындығы туралы мәлімдеген болатын. Бұл бейне таспада да Сирия Қаруды Күштерінің қолбасшылары Шығыс Гутаның 70 пайызын қарулы күштер мен террористтерден азат еткендігін ел басшысына баяндады.
Embed
Embed
Embed
Embed
Embed
Табриздағы Әзірбайжан мұражайы өткеннен қалған ескерткіштерді таныстыруға арналған ең маңызды құралдардың бірі болып саналады және бүгінгі әлемде адамзат мәдениетін сақтауда басты рөл атқарады. Иранның ең үлкен мұражайларының бірі болып саналатын Әзірбайжан мұражайы Табриз қаласының ортасында Көгілдір мешіттің жанында орналасқан. Қазір Әзірбайжан мұражайында 11 мыңнан астам тіркелген мәдени экспонат бар.
Embed
Embed
Embed
Желтоқсанның 21-нен 22-не қараған түні дүниежүзінің түкпір-түкпірінде ирандықтар ежелден келе жатқан мейрамдарының бірін тойлап өтті.
Embed
Иордания астанасы Амман қаласынан Канадаға бағыт алған рейстің ұшқышы Иосиф Хамлан әл Даджах ұшу кезінде ерекше қадам жасап Америка президенті Дональд Трамптың Иерусалимге қатысты шешіміне қарсы наразылық білдірді, деп хабарлайды «Fars news» агенттігі. Иордания газетінің мәлімдеуінше бұл ұшқыш ұшақ жолаушылармен амандасқаннан кейін, ұшу бағытын таныстырып өткенде Палестина астанасы Иерусалим қаласының төбесінен өтетіндігін мәлімдеген. Ұшқыш сөзін ағылшын тілінде де қайталаған.
Embed
Рим қаласындағы Санта- Мария ин- Арачели шіркеуінде Теһранның «Симфониялық оркестрі» Шахрдад Рухани басшылығымен және Италияның «Әлем жастарының қоры» атты оркестрі Дамиано Журана басшылығымен ортақ концерт өткізді.
Embed
Лахиджан қаласы Гилан облысы ғана емес Иран бойынша өте әдемі қала болып есептеледі. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қала атауы «Жібек қала» деген мағынаны білдіреді. Лахиджан қаласында «Чахар падишах» (төрт патша) мешітін тамашалуға болады. Бұл тарихи орында Иранның төрт патшасы жерленген. 1938 жылы бұл мешіт Иранның мәдени мұрасының тізіміне енгізілген. Мешіт өзіндік сәулет ерекшелігімен көзге түседі.
Embed
Ирандағы Табриз қаласындағы «Мақбарат уш-Шоара» - «Шайырлар мазары» – Иран әдебиеті тарихының құнды кешені. Тарихи деректер бойынша Мақбарат уш-Шоара - Шайырлар мазарында Иран мен аймақтық елдердің 400-ге жуық шайыры, сопы мен атақты мемлекеттік қайраткерлері 800 жыл бұрыннан бастап жерленген. Мақбарат уш-Шоара - Шайырлар мазарында жерленген тұлғалардың бірі Иранның қазіргі заманғы атақты ақыны Шахрияр. Ұстаз Мұхаммад Хұсейн Шахрияр х.қ.ж.с.б. 1325 жылы (1907 жылы) Табриз қаласында дүниеге келген. Мұхаммад Хұсейн Теһранда өзіне "Шахрияр" лақап атын таңдап алды. Шахрияр өлеңдерін парсы және әзірбайжан тілдерінде жазды. Ұстаз Шахрияр науқастанып, х.ш.ж.с.б. 1367 жылы 27 шахриварда (1988 жылы) дүниеден өтті. Иран әдебиеті мен поэзиясының жарқын тұлғасы Мұхаммад Хұсейн Шахриярдан қалған ескерткіш – Ұстаз Шахриярдың әдеби мұражайы.
Embed
Мьянма еліндегі мұсылмандарды қырып-жоюды бейнелейтін суреттер Теһран қаласында өткен «Баспасөз және ақпарат агенттігінің 23-ші көрмесінде» көрсетілді.
Embed
Иран елінің Гилан провинциясындағы Энзели қаласындағы тамаша музыкалы су бұрқақ әдемігілігімен тамашалаушылар назарын аударып қоймай адамның дем алуына әсер етеді.
Embed
Сомали астанасы Могадишо қаласында орын алған жарылыс жүздеген адамның өмірін қиды, жүздеген адам жарақат алды.
Embed
Қазақстанның теңіз әскери күші Иранның Бендер Энзели жерінде Иранның теңіз әскери күшімен достық кездесуін өткізді.