• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Общество - Опубликовано: 14/10 - 10:08

Түркияның Сирияның солтүстік-шығысындағы әрекеті қоныс аударудың жаңа толқынын тудырды және осылайша сириялық 100 мыңға жуық азамат үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

БҰҰ жұма күні Сирияның солтүстігінде түрік операциясынан кейін шамамен 100 мыңға жуық адамның көшірілгенін мәлімдеді. БҰҰ-ның мәлімдемесінде арнайы паналайтын жерлер  мен мектептерде тұратын адамдардың саны артып келе жатқаны айтылған.

Мәлімдемеде айтылғандай, Сирияға гуманитарлық көмек жеткізудің негізгі бағыттарының бірі де қауіпке ұшырауда, себебі жүктердің едәуір бөлігі Түркия шекарасы арқылы өтеді. Сонымен қатар, «шекарасыз дәрігерлер» Тель-Абьядтегі жалғыз аурухананың 11 қазанда жабылғандығын хабарлады. Аурухана қызметкерлерінің шабуыл салдарынан  қашуға мәжбүр болғандығы себебінен аурухана өз жұмысын тоқтатқан.

Ақ үй осы аптада АҚШ Президенті Дональд Трамп пен  Түркия Президенті Режеп Тайып Ердуанның телефон арқылы сөйлесуінен кейін АҚШ әскерлері Сирия мен Түркия шекарасына жақын аудандардан шығарылып жатқанын мәлімдеді. Ал, көпшілік мұны Түркия үшін күрд содырларына қарсы арнайы операция жүргізу кезіндегі Вашингтонның «жасыл жарығы» деп бағалады.

 

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
 0°C Алматы
-1°C Бішкек
-16°C Астана
+6°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент