• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Политика - Опубликовано: 18/10 - 16:05

Ашхабадта Иран Ислам Республикасы мен Түркіменстанның лауазымды тұлғалары мен жеке секторларының қатысуымен бірлескен сауда конференциясы өтті. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

Аталмыш конференцияға сауда, фармацевтикалық өндіріс, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, энергетика, көлік, туризм, тоқыма өндірісі және т.б. салаларда жұмыс істейтін 30-ға жуық ирандық өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері қатысты. Ал, конференцияда Түркіменстан тарапынан мемлекеттік қызметкерлер, сауда палаталары, өнеркәсіп, кәсіподақтар және кәсіпкерлер және түрлі компаниялардың өкілдері өз өнімдері мен серіктестік  жөніндегі бағдарламаларын ұсынды.

Қатысушылардың пікірінше, Иран мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастық әлеуетін пайдалану конференцияның басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, конференция аясында Иран мен Түркіменстанның ресми тұлғалары арасында екіжақты кездесулер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы келіссөздер өтті.

 

 

 

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент