• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Политика - Опубликовано: 17/10 - 14:07

Америка президенті Трамп Италия Президентімен өткізген ортақ баспасөз конференциясында Американың неше елде әскери құзырға ие екенін айтуға ұялатынын айтты. Бұл туралы "Fars News" агенттігі хабарлайды.

Осы мәліметке сәйкес Америка Президенті Дональд Трамп неше елде әскерилері бар екенін айтуға ұялатынын айтып, елінің Сириядан басқа елдерден әскерилерін шығаруды мақсат ететінін хабарлады.

Ол сөзін жалғап: "Сириядан басқа елдердегі әскерилерімізді шығарғым келеді. Бұл мәселеге заң және дипломатия тұрғысынан уақыт қажет. Біздің көп елде әскериіміз бар. Қанша елде екенін айтуға ұяламын, нақты санын да білемін. Алайда ұяламын. Өйткені ақымақтық. Бізді тіпті жақтырмайтын елдерде де әскерилеріміз бар. Соларды қорғап жүрміз. Олар бізді теріс пайдаланады", - деді.

Трамп Американың жуырда Арабстанға жіберген қару-жарақтары мен әскерилері туралы: "Арабстан еліндегі біздің әскерилеріміздің қаржысын төлеуге келісті. Бұл бай ел. Сондықтан ақша төлеуі керек. Басқа елдер де қаржымызды беруі керек", - деді.

Америка Президенті сөзінің келесі бөлігінде Иранның да Америка сияқты ДАИШ лаңкестерін жек көретінін айтып, осы лаңкестік топпен күрестің жауапкершілігін Ресей мен Таяу Шығыста орналасқан елдердің өздеріне тапсыру керектігін айтты.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент