• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Политика - Опубликовано: 12/10 - 11:21

Иран СІМ Зариф елінің Арабстанмен келіссөз өткізуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Спутник» агенттігі хабарлады.

Осы мәліметке сәйкес, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф TRT телеарнасына берген арнайы сұхбатта: «Біз Арабстанмен барлық мәселе бойынша сұхбаттасуға әрдайым әзір болдық. Арабстан біздің көршіміз. Біз мәңгілікке бір-біріміздің қасында қаламыз. Біздің бір-бірімізбен сұхбаттасудан өзге шарамыз жоқ. Біз тікелей немесе арағайын арқылы Арабстанмен келіссөз өткізе аламыз. Біз арағайындық жасайтын елдің қолын ешқашан қақпаймыз. Иран Арабстанмен тікелей сұхбаттасуға үнемі дайын. Президент Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының жуырдағы сессиясында «Үміт» коалициясы бастамасын ұсынып, аймақтың барлық елін осы жобаға қосылуға шақырды. Бұл жоба болашақта жалғасын тауып, көршілес елдермен осы тақырып туралы сөйлесуге үміттенеміз», - деді.

Еске салатын жайт, қыркүйектің он төрті күні Арабстанның мұнай нысандарына шабуыл жасалған болатын. Сол оқиғадан кейін әлемдегі ең үлкен мұнай экспорттаушы ел Арабстан өндірісінің жартысынан астамын азайтты. Бұл күндері Арабстанның жетекшілігімен Араб коалициясы соғысып жатқан йемендік хусилер шабуылдардың жауапкершілігін мойындарына алғанымен, АҚШ оны Йемен жасағаны туралы ешқандай айғақ жоқ деп мәлімдеп, Иранды айыптады.

Арабстанның жетекшілігіндегі Араб коалициясы да шабуылдарға Иранның қатысы бар деп санайды. Алайда Иран бұл уәждерді теріске шығарып, қабылдаған жоқ.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент