• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Картина дня - Опубликовано: 18/10 - 10:00

Американың вице-президенті Майк Пенс елінің Түркиямен Сирияның солтүстігінде атысты тоқтату бітімін орнатуға келіскенін хабарлады. Бұл туралы "Pars Today" агенттігі хабарлайды.

Майк Пенс кеше кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердyанмен Анкарада кездескен соң Американың Түркиямен Сирияның солтүстігінде бес күнге атысты тоқтату бітімін орнату туралы келіскенін мәлім етті.

Осы келісімге сәйкес Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери әрекеттерін бес күнге тоқтатады. Сол уақытта күрд әскери жасақтары Түркия шекараларынан 20 миль кейін шегінеді.

Келісім бойынша Америка күрд әскери жасақтарының «қауіпсіз» деп аталған аймақтан кері шегінуіне көмектесіп, нәтижесінде атысты тоқтатуға қатысты тұрақты келісім жасалады.

Америка да осы уақытта Түркияға салған санкцияларын тоқтатып, жаңадан санкция салмайды.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
 0°C Алматы
-1°C Бішкек
-16°C Астана
+6°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент