• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Дайджест - Опубликовано: 12/10 - 09:34

Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған жуырдағы шабуылдары Дамаск үкіметі мен сириялық күрд топтарының наразылығын тудырды деп хабарлайды «Pars Today» агенттігі.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердуан 9-шы қазан күні Сирияның солтүстігіне шабуыл жасауға бұйрық берді және шабуылдың алғашқы сағаттарында ондаған адам қаза тауып, жараланды. Түркияның бұл әрекеті Сирия үкіметі мен сириялық топтардың наразылығымен бетпе-бет келді.

Егер Түркия үкіметі Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылдың басты мақсатын күрд әскери жасағымен күрес деп атаса да бұл шабуылдың басқа да мақсаттары болды. Түркияның сарапшысы Ғаем Мағами бұл туралы: «Сирия армиясының елдің солтүстігіне енуіне жол бермеу және  бұл аймақтыәл-Ватани, яғниСирияның азат армиясына тапсыру - Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылының басты мақсаттарының бірі»,- деп жазады.

 Бұл жердегі маңызды жайт, бұл Сирия үкіметі мен сириялық топтардың реакциялары болып табылады. Сирия Түркия үкіметінің бұл әрекетін маңызды салдарларға әкеп соқтыратын «шапқыншылық» деп атады.

Сирия үкіметінің көзқарасы бойынша Сирия туралы Астана келіссөздері үдерісін тоқтату, Идлиб провинциясындағы Түркия рөлінің аяқталуы және де  Сирия мен Түркия армиялары арасында қақтығыстың орнауы Анкараның Евфраттың шығысына жасаған шабуылының маңызды салдарлары болып табылады. Шындығында, Сирия үкіметі бұл шабуылды Түркия мен АҚШ тарапынан Идлибті азат ету амалдары және Астана үдерісіне қарсы жоспарланған қастандық деп сенеді.  

Сонымен қатар, Сирия күрдтерінің топтары да Түркияның шабуылына наразылық білдіргенімен реакциялары әралуан. Кейбір күрд топтарының пікірінше, сириялық күрдтер елдің аумақтық тұтастығы аясында әрекет етіп, солтүстік аймақтарды Түркияның шабуылдарынан қорғау үшін Сирия армиясынан елдің солтүстігіне енуді сұрап, бұл шабуылға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінуі керек.

Ал, Сирия күрдтерінің кейбір топтары АҚШ-тың күрдтер туралы саясатына қатысты, соның ішінде сириялықтардың шабуылы кезіндекүрдтерді қолдамауын ескере, Сириядан алшақ болу күрдтер үшін ауыр зардаптар болатыны туралы қорытынды жасаған.

Сирия үкіметі де күрдтердің бұл ұстанымын қолдап, күрдтерді Орталық үкімет қолдау көрсететін осы ел халқының маңызды бөлігі деп атап, күрдтерден Сирия жүйесінің заңдары аясында қадамдар жасаулары керектігін айтты.

Кейбір күрд топтары, соның ішінде Сирия Демократия күштеріне қарасты әскери топтар: «Сирия үкіметінің көмегінсіз де Түркияның шабуылдарынан қорғануға болады», - деді.

Сонымен қатар, Сирияның солтүстігінде көптеген адамдар Түркияның бұл әрекетін айыптап, шерулер өткізіп, Анкараны консенсусқа келуге шақырды.

Жалпы, АҚШ-тың рұқсатымен Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылдары Сирия мен осы елдің егемендігіне қарсы жасалған әрекет болып табылады және Сириядағы күрд топтарына қатысты көзқарасты өзгертіп, олардың заң мен осы елдің аумақ тұтастығы аясында әрекет етуіне себеп болады.

 

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент