• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Казахстан - Опубликовано: 16/10 - 12:54

Нұр-Сұлтан қаласындағы 28 аттың өліміне қатысты Ақмола облысының полицейлері барымташыларды ұстаған деп хабарлайды  "Tengrinews.kz" сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктілерге 58 жылқыны ұрлады деп айып тағылып отыр. Келтірілген шығын мөлшері - 17 миллион теңге. Олар жол талғамайтын көлікпен ұрланған жылқылар бар ауыр жүк көлігімен бірге келе жатқандарын айтқан. Алайда жолда бірнеше жылқы тұншығып қалғандықтан олар жануарларды жолға тастап кеткен. "Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан елорданың Көктал шағын ауданына апаруға Man жүк көлігіне артқан. Жан-жағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен", - дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанат Жылқыбаев. Полиция мәліметінше, қылмыстық топты астанада тұратын 41 жастағы қорғаныс министрлігінің офицері басқарған. Алайда ол қазанда қызметінен босатылған. Еске салайық, 28 өлі жылқы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жаңа зираттың маңынан табылған болатын. Артынша тағы 18 жылқы елорда маңынан табылған.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+6°C Тегеран
-7°C Мәскеу
-9°C Алматы
-8°C Бішкек
-20°C Астана
+6°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+6°C Ташкент