• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Казахстан - Опубликовано: 15/10 - 14:27

Алматы облысында шетелдік өндіріске қарақшылық шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 10 қазан күні Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында орын алды.

Осы күні белгісіз біреулер зауыт ғимаратына кіріп, есепшіні ұрып, 3,2 миллион теңгені ұрлап кеткен.

Шабуыл жасаушылар қылмыс кезінде бет-бейнелерін жасырыпты.

Полицияның мәліметінше, кәсіпорында есепші болып жұмыс істеген 37 жастағы ҚХР азаматы қылмыскерлердің қолынан зардап шеккен.

Оның айтуынша, шабуылдаушылар оны пышақпен қорқытқан көрінеді.

Ведомтсво зауыт шабуылына алты адам қатысы бар екенін жеткізді.

Күдіктілердің екеуі 1995-96 жылғылар, қалған төртеуі 2000 жылы туғандар екені анықталды.

Олар Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары болып шықты.

Тергеу барысында пышақ пен ақшаның бір бөлігі табылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент