• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Интервью - Опубликовано: 14/10 - 14:29

Алламе Табатабаи университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің ұстазы доктор Али Адами Сирияның солтүстігінде ұзақ уақыт қалуы үшін Түркияның ішкі және сыртқы жағдайын қолайсыз деп сараптап: "Анкара Сирияның солтүстігінде ұзақ уақытқа қалуға шешім қабылдаса, бұл аймақ Түркияның Вьетнамына айналады", - деді. Бұл туралы "IRNA" агенттігі хабарлайды.

Алламе Табатабаи университетінің ұстазы әрі Халықаралық қатынастар факультетінің деканы доктор Али Адами IRNA News агенттігіне сұхбат берді.

IRNA News: Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрдтердің позицияларына жасаған шабуылда қандай стратегия ұстанды?
Али Адами: Түркия сыртқы саясатында көптеген екіұштылыққа ие болды: Еуропа мен Азия арасындағы екіұштылық, исламшылдық пен батысшылдық, тіпті сионистік режим мен ислам әлемі арасындағы екіұштылық. Бұлардың барлығы мағына мен болмыстағы екіұштылыққа соқтырып, соңында осы елдің сыртқы саясатындағы екіұштылыққа, тіпті көпжақтылыққа айналды. Түркия соңғы жылдары интелектуалдық пен стратегия тұрғыларынан тұрақсыз ойыншы болғандықтан сыртқы саясатындағы интеллектуалдық бейберекетсіздігінің шыңы Сирия оқиғасында өзін көрсетті.

IRNA News: Түркияның дағдарыстардан шығатын шешім жолы неде деп ойлайсыз?
Доктор Адами: Түркияның аймақтағы дағдарыстардан шығатын шешім жолы – дискурс пен сыртқы саясатында негізгі басымдылықтарды анықтауда. Анкара өзінің сыртқы саясатындағы концепциясы мен идеясында біртұтастықтан кенде. Бұл мәселе шешілмейінше Түркияның аймақтағы әрекеттерінен қайшылықтар мен кереғарлықтарды байқайтын боламыз", - деді.
Адами Түркияның күрдтерге қатысты тынышсыздық сезімінің бір бөлігін жасанды, екінші бөлімін шынайы деп атап: "Шын мәнінде Түркия Сирия соғысына енуі және күрдтермен қарсыласуы арқылы аймаққа от шашты. Түркияның Сирия күрдеріне қатысты асығыс саясаттары олардың саяси жікпен бетпе-бет келуіне себеп болды", - деді.

Түркия Ресеймен Сирияға шабуылға қатысты мәміле жасауы мүмкін

Доктор Адами Ресейдің Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған жуырдағы шабуылына қатынасын қарастырып: "Ресейдің бұл оқиғаға шынайы реакция білдірмеуі мен тараптарды ұстамдылыққа шақырып, алауыздықтарды бейбіт жолмен шешуге шақыруы мәселенің шешілуіне көмектеспейді. Түркияның Америкамен алғашқы мәмілесі Трамп өз елінің әскерлерін Сириядан шығару туралы бұйрық бергенде жасалды. Сонымен қатар, Ресей Түркияның Сирияға шабуылына кедергі жасауға дипломатиялық және әскери әлеуеттерінің бар болғанына қарамастан ешқандай әрекет жасаған жоқ. Түркия Сирияның солтүстігіне соғысқа Америка және Ресейдің келісімімен енді деп айтуға болады.

Ресейліктер аймақта тәртіп орнатуды қаламайды

Адами: Ресей Сирияда үлкен басымдылыққа ие болу үшін басқарылған бейберекеттікке баса назар аударды. Ресейліктер Таяу Шығыста ешқашан басты ойыншы болған емес. Ресейдің Таяу Шығысқа енуін Мәскеудің аймақтағы биліктің бос кеңістігін өзі толтыруға жасаған талпынысы деп сараптаған жөн.
Ресейліктер мен америкалықтар "басқарылатын бейберекеттік" арқылы аймақ елдерінен барынша ұпай алатынын біледі.

Сирия өз жерінің бөлінуіне рұқсат бермейді

Доктор Адами Дамасктің Түркияның жасаған шабуылы туралы реакциясын сараптап: "Сирия Түркияның елінің солтүстігіне жасаған әскери әрекетін басқыншылық деп атап, оған заң тұрғысынан және майдандық салада міндетті түрде жауап беруді құқығы санайды. Алайда қазір Сирия Орталық үкіметінің Түркиямен соғыс алаңына енетін жағдайы жоқ. Маңызды жайт, Сирия өз жерін бөлшектеу үшін мәміле жасамайды. Сол себепті Дамаск үкіметі Түркия және күрдтермен соғысқа риза деген болжам дұрыс емес. Егер Сирия өзінің аумақтық тұтастығын қорғауда аянып қалса, күдіксіз, Сирияның жағдайы лаңкестікпен күрестегі кездегіден де тұрақсызға айналады. Дамаск Түркия және күрдтермен қақтығысты өзінің ұлттық мүддесіне сай келеді деп ешқашан ойламайды", - деді.

Түркия Сирияда геополитикалық тереңдік қалыптастыру үшін қате жолды таңдады

Доктор Адами Түркияның Сирияға қатысты екұшты қатынасын Анкараның Сирияның солтүстігінде геополитикалық тереңдік қалыптастыруға ынталануы үшін себеп деп атап, бірақ геополитикалық тереңдікті әдетте "жұмсақ" құралдар арқылы қалыптастыратынын, Түркияның күш қолдануы және Америка сияқты алпауыт елмен мәміле жасап, әскери шабуылмен орнатылмайтынын айтты.

Сирияның солтүстігі Түркияның Вьетнамына айналады

Доктор Адами Түркияның Сириядағы құзырының басынан бергі ықтималды қастандықтарды сараптап: "Егер Түркия Сирияның солтүстігінде ұзақ уақытқа қалуды мақсат етсе, стратегиялық қателікке ұрынып, бұл аймақты Түркияның Вьетнамына айналдырады. Сирияның маңызды ойыншылары, соның ішінде Ресей Түркияға онда ұзақ уақытқа қалуға рұқсат етпейтіндей көрінеді. Түркияның өзі де ішкі жағдайы мен күш алып, біртіндеп нығайып келе жатқан қарсылас партияларының "Әділет және Даму" басқарма партиясының саясаттарына қатысты наразылықтарына байланысты Сирияда ұзақ уақыт құзыр тебе алмайды", - деді.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+6°C Тегеран
-7°C Мәскеу
-9°C Алматы
-8°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+6°C Ташкент