• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Интервью - Опубликовано: 07/10 - 19:57

Америка Армиясының психологиялық соғыстағы бұрынғы офицері Скотт Беннет Құдс корпусының қолбасшысы генерал Солейманидің лаңкестікке қарсы соғыстағы рөлінің өте айшықты әрі маңызды болғанын мойындады. Бұл туралы "Tasnim" агенттігі хабарлайды.

Америка Армиясының психологиялық соғыстағы бұрынғы офицері Сан-Францискода тұратын америкалық сарапшы Скотт Беннет Tasnim хабар агенттігіне берген сұхбатта Құд корпусының қолбасшысы генерал Солейманидің лаңкестікпен күрестегі айшықты да маңызды рөліне сілтеме жасап: «Генерал Солеймани өзінің дипломатиялық және әскери ықпалының арқасында Америка мен Израильдің қастандықтарын залалсыздандырып, оларды сәтсіздікке ұшыратты. Генерал Солейманидің Америка мен Израильдің соғыс қастандығы мен халықаралық шабуылдар және теріс жарнамаларды жеңіліске ұшыратудағы стратегиясы тактикалық коммуникация мен әскери және дипломатиялық ықпалының жиынтығы болды», - деп баса айтты.

Tasnim: Құдс корпусының қолбасшысы генерал Солейманидің соңғы жылдардағы Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ тобымен күрестегі рөлін қалай бағалайсыз?

Беннет: Америка, Арабстан мен Израильдің лаңкестік топтарды құрып, таратуы бәлкім, көптеген шығын мен бүлдіргі әрекеттерге себеп болған шығар, алайда басқа жағынан олармен күресу үшін әлем жетекшілері мен танымал тұлғаларының бірігуіне себеп болды. Сондай үлкен әрі маңызды тұлғалардың бірі – ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани. Солеймани ДАИШ-тың әлемді өз билігіне алуды, өлім мен елесті тұрақтандыруды көздеген жиіркенішті ессіздігін жоюды өз міндетіне алды. Солеймани ДАИШ-тың шайтани сұрқиялығымен күресу үшін өз елі мен мәдениетінен, отбасы мен әріптестеріне деген махаббаттан шабыт алған.

Tasnim: 2006 жылғы Израильдің 33 күндік соғысы «Июль соғысы» деп танымал. Бұл соғыс Ливан мен басып алынған Палестинаның солтүстік аймақтары мен Голан жоталарын қамтыды. Генерал Солеймани қарсыласу өзегін күшейтуде, керісінше Америка мен Израильдің аймақтағы қастандықтарымен күресуде қаншалықты әсерлі болды деп ойлайсыз?

Беннет: Генерал Солейманидің Америка мен Израильдің соғыс қастандығы мен халықаралық шабуылдар мен теріс жарнамаларды жеңіліске ұшыратудағы стратегиясы тактикалық коммуникация мен әскери және дипломатиялық ықпалының жиынтығы болды.
Солеймани жалпы сөйлеген сөзі және білдірген саясаттарымен қоғамда тыныштық пен ұстамдылық сезімін нығайтты. Иранның ахлақтық және діни идеализмін қуаттауы әлемдіктерге қатты әсер етіп, бейтарап, жанашыр елдердің халықтарының жүректерінен орын алды.

Бұл әрекеттері Иранды аймақта сан рет айыптамақ болған, соның ішінде «Иран – лаңкестікті қолдаушы ең үлкен ел» деген жалған жоба құрған Батыстың теріс жарнамаларын залалсыздандыруда өте әсерлі болды.
Оның себебі Солеймани амалдарда, әсіресе қанқұйлы басқыншы, лаңкестік топ ДАИШ-ке қарсы өзінің әскери амалдарында салқынқындылықпен әрекет етіп, әлемге Иранның ДАИШ-қа толығымен қарсы екенін көрсетті. Әлем біртіндеп Иранның ДАИШ-тың қолдаушысы емес, керісінше ДАИШ-ты жоюдағы негізгі әрі шынайы шешім жолы екенін түсіне бастады. Америка Президенті Дональд Трамп та бұл туралы бір сөзінде: «Ирандықтар ДАИШ-ты тіпті бізден бетер жек көреді» деген болатын. Бұл салада Трамп дұрыс айтты. Әлем де бұл мәселені түсінді.

Tasnim: Сирия, Ирак пен Ливандағы ерікті күштер генерал Солеймани арқылы үстемшіл елдер мен соларға тәуелді аймақтағы күштерді жеңуде маңызды рөл атқарды. Бұған қатысты пікіріңіз қандай?

Беннет: Солеймани басынан бастап-ақ ДАИШ-ты жеңіп, көзін жоюдың жалғыз жолы онымен отты сөндіру сияқты әрекет ету керек екенін түсінді. Отты сөндіру үшін ең жақсы жол – оттегінің жетуіне тосқауыл жасап, оны тұншықтыру. Алайда ДАИШ-тың қараңғылығы аймақты толық басып бара жатты. Солеймани Ирак, Иордания, Сирия, Пәкістан, Ресей, Қытай мен ақиқат пен әділетке ынтық тағы басқа елдер мен халықтар үшін аспанда нұр жақты. Солеймани мынадай рухани принципті баяндады: «Ізгі істеріңіз әкелеріңіздің жұмақтағы ғиззаты мен мақтанышына айналғандай, сіздердің нұрларыңыз адамдардың алдында жарқырасын».
Бұл нәтижелі болды. Халық ДАИШ-қа қарсы соғысқа жұмылды. Ресей, Сирия, Қытай сияқты үлкен елдер мен басқа елдер азат, бейбіт біртұтас рух сияқты ДАИШ-тың шайтани, қараңғы рухының алдында тұрды. Бүгінде Солейманидің батыл рухы мен оның әрекеттерінің арқасында ДАИШ өлексе құрт сияқты «естеліктердің шұңқырында» жатыр. Болашақ Иранға тиесілі. Әлем халықтары болашақта бұл халықтың ДАИШ-ты жоюдағы жетекшілігі мен болашақтағы еркіндік, бейбітшілік пен үміт үшін алғыс айтатын болады.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент