• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Интервью - Опубликовано: 27/09 - 10:44

Түркия Президенті АҚШ агенттігіне берген сұхбатында Иранды Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасады деп айыптауы дұрыс емес деп атады. Бұл туралы «ISNA» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейсенбі күні «Fox News» агенттігіне сұхбат берген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердуан Сауд Арабиясының шығысындағы Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға қатысты: «Мен Иранды айыптау дұрыс деп санамаймын»,- деп атады.

Түркия Президентінің сөзінше, шабуылды ұйымдастырушы Йемен елі болып табылады. Ердуан сұхбат барысында: «Иранды толығымен кінәлау дұрыс болмас. Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасының мұнай нысанына жасалған шабуылға қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Түркия Иранмен көршілес жатқан ел және санкцияның ешқашан  мәселені шешпейтіндігін білеміз»,- деді.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының 14-і күні Сауд Арабиясының мұнай зауыттарына ірі шабуыл жасалған болатын.

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент