• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Интервью - Опубликовано: 23/09 - 09:36

Иран СІМ Зариф CBS телеарнасына берген сұхбатта елінің тұрақты келісімге қол жеткізуге әзірлігін мәлімдеді. Бұл туралы "Спутник" агенттігі хабарлайды.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф CBS телеарнасы жүргізушісінің «Иран Америкамен келіссөзге әзір ме?» деген сауалына «Келіссөз үшін мекен бар. «Ортақ қадам» келісіміне мүше елдер министрлерінің отырысы сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас ассамблеясы аясында өтеді. Біз келіссөзге әзірміз. Бірақ бір жарым жыл немесе бес жарым жылдық емес, тұрақты келісім туралы сөйлесеміз»,- деді.

Иран дипломатиясы органының жоғары басшысы CBS телеарнасы жүргізушісінің «Санкция салынғанына қарамастан Нью-Йоркке келу үшін сізге визаның берілуі Американың келіссөз өткізуге деген ықыласының белгісі ме?» деген сауалына: «Жоқ, мәжбүрліктен. Себебі АҚШ елінде БҰҰ-ның штабы орналасқандықтан мүше елдерге виза беруге мәжбүр»,-деді.

CBS: Соғысқа тосқауыл қоя алатындығыңызға сенімдісіз бе?
Зариф: Жоқ, мен соғысқа тосқауыл қоя алатыныма сенімді емеспін. Бірақ бұл соғысты кім бастаса да оның аяқтаушысы болмайтынына сенімдімін. Яғни, соғыс шектеулі болмайды.


CBS: Американың Арабстанға әскери жабдықтар мен әскерилерін жіберуін қалай түсіндіресіз?
Зариф: Менің ойымша, мұндай қойылымның пайдасы жоқ. Ең алдымен Йемен соғысын тоқтату керек.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-7°C Бішкек
-21°C Астана
+5°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+4°C Ташкент