• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Интервью - Опубликовано: 18/09 - 09:00

АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері дүйсенбі күні берген сұхбатында Иранның Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасауға қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

АҚШ  Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері Майкл Малуф Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуыл туралы сұхбат берді.

RT жаңалықтар арнасына сұхбат берген Майкл Малуф  Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл  солтүстік шекарадан бағытталғанына тоқтала: «Иран Сауд Арабиясының солтүстік шекарасында орналаспаған. Шабуыл Ирак тарапынан болуы да мүмкін. Тіпті, шабуылды хусит бүлікшілері жасауы да ықтимал, себебі осыдан бірнеше ай бұрын олар Сауд Арабиясының мұнай желісінің бірін нысанаға алған болатын», -деді.

АҚШ  Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері хуситтер туралы: «Оларда ұшқышсыз ұшатын  қондырғылар бар және оларды қалай басқару қажеттігін жақсы біледі. Олар зымырандарды осы құрылғылармен атуда өте қабілетті. Сауд Арабиясының оларға қарсы әрекеттеріне жауап ретінде хуситтер бұл шабуылды жасады деп пайымдауғада болады», -деді.

Майкл Малуф сұхбат барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысыМайк Помпеоның Иранға қарсы айыптауларын негіссіз деп атап, Иранның Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасауға қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлелдің  жоқтығын атап көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-7°C Бішкек
-21°C Астана
+5°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+4°C Ташкент