• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: В мире - Опубликовано: 19/10 - 10:58

БҰҰ ливандық барлық тараптан осы елде шиеленіс пен қатігездіктердің артуына себеп болатын кез келген әрекеттен бой тартуды сұрады. Бұл туралы "IRNA News" агенттігі хабарлайды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик жұма күнгі хабар брифингінде Ливанның жағдайына тоқталып: «БҰҰ Ливандағы түйткілдерді шешуге, әсіресе осы елдің экономика саласындағы қиындықтарына көмектесу үшін Ливан үкіметі мен халықаралық серіктестерімен байланыста», - деді.

Алайда Ливан астаны Бейруттің әртүрлі аймағында кеше түн ортасында да бейберекеттік жалғасып, астананың көптеген байланыс жолдары жабылған күйде қалды.

Мыңдаған ливандық бейсенбі күні елдегі экономикалық ауыр жағдай мен салықтарға наразылық білдіріп, Бейруттің көшелеріне шеруге шықты. Наразылық толқыны жұма күні Ливанның басқа қалаларына да таралды.

Ливан қарызының көлемі 80 млрд доллар деп жарияланды. Бұл шағын, халқының саны аз ел үшін өте үлкен қаржы.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+6°C Тегеран
-7°C Мәскеу
-9°C Алматы
-8°C Бішкек
-20°C Астана
+6°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+6°C Ташкент