• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Экономика - Опубликовано: 18/10 - 14:31

БҰҰ-ның Тұрақты даму кеңсесі UNDP Ауғанстанға бір миллиард доллар қаржылай көмек беретінін хабарлады. Бұл туралы "Pars Today" агенттігі хабарлайды.

Осы мәліметке сәйкес, БҰҰ-ның Тұрақты даму кеңсесі UNDP осы ұйым өкілдерінің Кабулда Ауғанстан басшыларымен өткізген отырыстың соңында елдің дамуы үшін алдағы он жылда бір млр доллар қаржылай көмектесетінін мәлімдеді.

БҰҰ Ауғанстанға бір млрд доллар қаржылай көмек ұсынуының мақсатын елдің экономикалық әлеуетін нығайтып, әсіресе жастар мен әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қалыптастыру деп жариялады.

Ауғанстанның Экономика министрі БҰҰ-ның еліне бір млрд доллар қаржылай көмек ұсынуын құптап, соның арқасында мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалатынын айтты.

БҰҰ басқа салалар бойынша, соның ішінде елді минадан тазарту, азық-түлік, балаларға жағдай жасау тұрғыларынан да Ауғанстан Үкіметіне жылына жүз миллиондаған долларлық көмек береді.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент