• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
07/11 - 18:14

6 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасап, салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл күні Тәжікстан Конституция күнін атап өтуі тиіс болған. ІІМ мәліметінше, 20-ға жуық адам атыс шығарған. Кейінірек Тәжікстан билігі шабуылға "ДАИШ" содырларының қатысы барын хабарлады. Қазіргі уақытта жолдар жабылып, Душанбе мен оған жақын елді мекендерде қауіпсіздік шаралары күшейген. Tengrinews.kz тілшісі бұл шабуылға ненің себеп болуы мүмкін екенін саралап, Тәжікстандағы жағдайға шолу жасады.

15/10 - 10:08

Түркияның Сиряның солтүстігіндегі күрдтер орналасқан аймақтарға шабуылдарының басталуы осы аймақтағы күрдтердің әскери қосындарында өмір сүріп жатқан жүздеген тәжік әйел мен баланың алаңдаушылығына себеп болды. Бұл туралы "IRNA" хабарлайды.

18/09 - 09:41

Тәжікстанның Ұлттық банкі елдегі алғашқы ислам банкіне рұқсат берді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

16/08 - 09:57

Қытай Тәжікстанның Хатлон облысында жеті медициналық орталық салуда деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

09/08 - 12:58

Тәжікстан билігі Құрбан айт мерекесінде кең дастархан жайғандар жазаланатынын ескертті деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

09/07 - 11:14

Тәжікстан Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, түрмедегі 14 адам наннан уланып, көз жұмған. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

05/07 - 13:01

Душанбеде Тәжікстан мен Ресейдің сыртқы саясат ведомстволарының Ауғанстан жөніндегі тиісті органдарының ынтымақтастығы мен үйлестіруі бойынша кеңес беру кездесуі өтті. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

15/06 - 14:04

Қытайдың, Ресейдің, сондай-ақ басқа да шетелдік делегациялардың президенттері кеше Тәжікстанның астанасы Душанбеге 5-ші Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім кеңесі саммитіне (SICA) қатысу үшін келді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

07/06 - 08:34

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин елдің жоғары делегациясын бастап, 14-ші маусымда Душанбеге жұмыс сапарымен аттанады деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

30/05 - 15:58

Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Дональд Туск жоғары лауазымды тұлғаларының делегациясын басқарып, Тәжікстанның Душанбе қаласына келді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлады.

24/05 - 16:37

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жуырда өткен парламент сайлауында Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди партиясының жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлады.

24/05 - 12:50

Малек Салманның Сауд Арабиясы Рамазан айына сыйлығы ретінде Тәжікстанға 50 тонна құрма жіберді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

17/05 - 19:38

Душанбе қаласында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ-тың қауіпсіздік өкілдерінің «C5+1» отырысы өтті деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

16/05 - 14:00

Тәжікстанның тауар айналымы ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында 1,3 млрд. доллардан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% немесе 39,6 млн-ға жоғары. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

15/05 - 16:34

Тәжікстан СІМ Душанбе қаласында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің қатысуымен лаңкестікке қарсы халықаралық конференция өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлады.

02/05 - 12:12

3 мамырда Тәжікстанның Душанбе қаласында «Тұрақты бейбітшілік пен демократиядағы медиа рөлі туралы» халықаралық конференция өтеді деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

02/05 - 10:34

30-шы сәуір күні түнде 84 тәжік бала Бағдад қаласынан Душанбеге жеткізілді деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.

11/04 - 12:46

Тәжікстан Президенті Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын Ирандағы Тәжікстанның жаңа елшісі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

28/03 - 14:04

Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесіп, пікір алмасты. Бұл туралы «Fars news» ақпарат агенттігі хабарлады.

26/03 - 17:54

Тәжікстан шекара күштерінің қолбасшысы Раджабали Рахмонали ТМД елдерінің шекара күштерінің қолбасшылары отырысына қатысу мақсатында Ташкентке іс-сапармен барады. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлады.

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент