• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Главные новости - Опубликовано: 19/10 - 11:56

Сирия президенті Башар Асад кеше жұма күні Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен Ресей СІМ орынбасары Сергей Вершинин және олармен бірге келген ресейлік делегациямен Дамаскте кездесіп, сөйлесті. Бұл туралы "ISNA News" агенттігі хабарлайды.

Екі жақ кездесуде Сирияның жағдайы, әсіресе Евфраттың шығысындағы оқиғалар мен Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылдары туралы сұхбаттасты.

Сирия президенті Башар Асад қазіргі және алдағы кезеңдерде еліне Түркияның басқыншылығын тоқтатып, түркиялық, америкалық және Сирияда заңсыз жүрген барлық әскери күштерді шығаруға күш салатынын қуаттады.

Ол аталмыш күштерді халықаралық заңдар мен жарғылар бойынша басқыншы деп атап, Сирия халқының қолда бар барлық құрал арқылы олармен күресуге құқығы бар екенін мәлімдеді.

Ресей делегациясы да елінің Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын, Мәскеудің осы егемендікті бұзу үшін және жағдайдың ушығуына себеп болып, Сирия соғысын тоқтату үшін жасайтын талпыныстарына кедергі жасайтын кез келген әрекетке қарсы екенін баса айтты.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент