• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Главные новости - Опубликовано: 19/10 - 09:30

БҰҰ-ның инспекторлары Түркия армиясының Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылы кезінде фосфор қолданды деген болжамы бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

БҰҰ-ның химиялық қару инспекторлары Түркияның Сирияның солтүстігінде бейбіт тұрғындарға қарсы «ақ фосфор» бомбаларын қолданғаны туралы дәлелдер жинауда екендігін мәлімдеді.

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жұма күні Түркияның Сирияға қарсы химиялық қару қолдануы жөнінде  таралған ақпарат туралы білетіндігін  және қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты дәлелдер жинақтауда екендігін айтты.

Өткен аптада Қызыл Крест Хасекеқалалық ауруханасына жеткізілген алты бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің «белгісіз қарулар» арқылы  күйік алғандығын хабарлады.

 Бұл салада мамандандырылған бұрынғы британдық қолбасшы: «Жаралылардың алған күйіктері қолданылған  ақ фосфор салдарынан  болуы мүмкін. Бұл қорқынышты қару және Сириядағы азаматтық соғыс кезінде бұл қару түрі бірнеше рет қолданылған. Өкінішке орай, оны пайдалану барған сайын кең таралып келеді»,- деді.

 Айта кетсек, Сирияның күрдтердің автономия  билігі бейсенбі күні Түркияны Рас-эль-Айн қаласында «ерекше қару» қолданды деп айыптады.

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
 0°C Алматы
-1°C Бішкек
-16°C Астана
+6°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент