• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Главные новости - Опубликовано: 18/10 - 12:12

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу кеше бейсенбі күні түнде Анкара мен Вашингтон делегацияларының келіссөздерінен кейін жасаған мәлімдемесінде аймақтан Халық қорғаушы бірліктерінің ‎(YPG) әскерилері шыққан соң елінің Сириядағы әскери әрекеттерін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы "IRNA News" агенттігі хабарлайды.

Чавушоғлу Америка вице-президенті Майк Пенспен Анкарада кездесіп, сөйлескен соң тілшілерге берген сұхбатта: «Келісім бойынша YPG күштерінің кері шегінуімен қатар олардың қару-жарақтары алынып, соғыс позициялары да қиратылады. Түркия бұл мәселені жіті қадағалайды», - деді.

Чавушоғлу Түркияның діттегенін Түркия мен Сирия арасындағы 444 шақырым шекарада қауіпсіздік орнату деп атап, осы аймақтың бір бөлігіне қатысты Америкамен келіскенін, келесі бөлігі жөнінде Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты. Түркия СІМ айтуы бойынша елі Сириядағы әскери әрекеттерін тоқтатқан соң Америка да Анкараға қарсы салған санкцияларының күшін жояды.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-7°C Бішкек
-21°C Астана
+5°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+4°C Ташкент