• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Аналитика - Опубликовано: 16/10 - 11:33

Еуропа Одағының ресми статистикасы Американың Иранға салған санкцияларынан экономика саласында қиындықтардың пайда болуы салдарынан Иранда тұрып, жұмыс істеп жатқан мыңдаған ауған азаматы енді Еуропаны бетке алып, осы блокқа енетін ең үлкен мигранттардың тобына айналғанын көрсетіп отыр. Бұл туралы "Fars news" агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мәліметке сәйкес, ағымдағы жылы Еуропа одағына мүше елдерге босқын ретінде заңсыз барған Ауғанстан азаматтарының саны Сирия азаматтарының санынан артып, оларды биыл осы саяси блокқа енген мигранттардың ең үлкен тобына айналдырған.

Мұндай статистиканың артуының бір бөлімі Америка Иранға салған біржақты санкциялардан туындаған экономикалық қиындықтармен байланысты. Соның салдарынан Иранда тұрып, жұмыс істеп жатқан мыңдаған ауған азаматы Еуропаға кете бастады.
Осы мәліметке сәйкес, Түркияның өткен аптада Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің бақылауындағы аймақтарға шабуыл жасауы салдарынан Еуропа босқындардың келесі тобының қалыптасып жатқанына алаңдап отыр. Дегенмен, Еуропа Одағы ауғанстандық босқындардың артып жатқан санын төтенше жағдай деп мәлімдеді. Әсіресе Грекия аралдарында, яғни босқындар жететін алғашқы аймақтың жағдайы алаңдатарлық.

Еуропалық FrontEx агенттігінің статистикасы ағымдағы жылдың басынан шамамен 17000 ауғандық босқынның Эгей теңізінен өту арқылы Еуропа Одағы жағалауларына жеткенін көрсетеді.

Еуропа Одағының жоғары лауазымды бір тұлғасының айтуы бойынша осы адамдардың шамамен жартысы Түркия арқылы Еуропаға жетпес бұрын Иранда тұрған, тіпті кейбіреуі Иранда дүниеге келген.

Еуропалық басшы босқындардың Ираннан кету себебінің осы елдің экономикалық жағдайын қатты қиындатқан АҚШ-тың саясатына келіп тірелетінін айтты.

Америка үкіметі бір жарым жыл бұрын Иранмен жасаған ядролық келісімнен біржақты түрде шығып, Иран халқына қарсы ауқымды санкция салды. Reuters агенттігінің жазуы бойынша санкциялар Иранда тұрып жатқан Ауғанстан азаматтарының осы елден кетіп, жақсырақ жағдайға жету деген үмітпен және Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайдан қорқып, Еуропаны бетке алып, жолға шығуына себеп болған.

Ауғанстан басшыларының айтуы бойынша Иранда қазір шамамен 2 млн ауған азаматы өмір сүреді. Халықаралық Миграция ұйымының есебіне сәйкес, өткен жылы 800 000 ауғандық Ираннан кеткен.

2018 жылы осы санның ішінен шамамен 12 000 адам Еуропа Одағы елдерін паналаған. Бірақ Reuters агенттігінің жазуы бойынша бұл сан биыл екі есе артуы мүмкін.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+7°C Тегеран
 0°C Мәскеу
-1°C Алматы
-1°C Бішкек
-17°C Астана
+7°C Душанбе
+8°C Ашхабад
+7°C Ташкент