• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Аналитика - Опубликовано: 08/10 - 15:22

ИИР Қарулы күштерінің қорғаныс әлеуетін нығайту аясында Бушер облысында Парсы шығанағы әуе қорғаныс амалдарының қолбасшылық орталығы жұмысын бастады. Бұл туралы "Pars Today" хабарлады.

Дүйсенбі күні ИИР Армиясының Бас қолбасшысы бригада генералы Сейед Абдулрахим Моусавидің қатысуымен жұмысын бастаған бұл орталық заманауи технологиямен жабдықталған. Елдің оңтүстік жағалауында орналасқан орталық ауқымды аймақтық бақылау мүмкіндігі мен Армияның қорғаныстық және әуе бірліктері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірліктерін тікелей басқаратын әлеуетке ие.

Бригада генералы Сейед Абдулкарим Моусави Армия мен Сақшылар корпусының әуе қорғанысы бірліктерін аралау барысында Иран қарулы күштерінің әуе, теңіз, құрлық шекараларын айбынмен қорғау үшін тиісті шараларды қамтамасыз еткенін, елді қорғауда ешқандай кем-кетіктің жоқ екенін мәлімдеді.

Иранның қорғаныстық доктринасы елдің аумақтық тұтастығы мен ұлттық мүдделері мен аймақ тұрақтылығын Иран шекараларының қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз ету, Иранның айналасындағы кеңістіктің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау деген стратегиялық екі деңгейде анықталған.

Осы шеңберде Иранның қорғаныстық және тежегіш әлеуеті шекаралардың қауіпсіздігін қорғау үшін қорғаныстық қажеттіліктерге сәйкес күшейді. ИИР аймақтағы қоқан-лоққыларға білдірген реакцияда да өзінің қорғаныс доктринасында аймақ қауіпсіздігін мұқият бақылап, қажет жағдайда қатерлерді алыстатып, жоюға қатысты шара қолданады.
Осы аяда әуе қорғанысының әлеуеттерін арттырып, нақтылықпен әрекет ету Иран Қарулы күштерінің қорғаныстық және тежегіштік бағдарламаларындағы басымдылық саналады.

Бұл әскери маңыздылықтан кейін стратегиялық маңызға ие. Иранның әуе қорғанысы бүгінде көңіл аударарлықтай мүмкіндіктерге ие.
Иран осы салада стратегиялық үш жайтты қуаттайды: біріншіден, қауіпсіздіктің аймақішілік болу принципі; Иранның көзқарасы бойынша қауіпсіздік механизмдері аймақ елдері арқылы қамтамасыз етілуі керек; екіншіден, Парсы шығанағы аймағында халықаралық заңдар шеңберінде еркін сауда жасап, кеме қозғалысының қауіпсіздігін қалайтын барлық ел үшін аймақты қауіпсіздікпен кепілдендіру принципі; үшіншіден, Иран бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздікті сақтау үшін интеграция, тәжірибелер және қорғаныс мүмкіндіктерімен алмасуды, сонымен қатар басқыншылық жасамау туралы келісімге қол қою қажеттігін қуаттайды.

Осы принциптер мен ұстанымдарды қуаттауы ИИР-ның қоқан-лоққылар және басқыншылармен қарсыласуға толық әзірлігін мәлімдеуімен қоса аймақтан тыс әскери және қауіпсіздік салаларында серіктестік жасауға мүдделік танытатынын көрсетеді. Сөйте тұра Иранның аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзушыларға қатысты ұстанымы кесімді де айқын.

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-7°C Бішкек
-21°C Астана
+5°C Душанбе
+1°C Ашхабад
+4°C Ташкент