• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Аналитика - Опубликовано: 30/09 - 16:30

ИИР Президенті Хасан Рухани Армения премьер-министрінің ресми шақыруымен бүгін дүйсенбі күні Ереванға аттанды. Бұл туралы "Pars Today" сайты хабарлайды.

Осы мәліметке сәйкес Хасан Рухани сейсенбі күні өтетін Еуразия Экономикалық Одағы басшыларының саммитінде сөз сөйлейді.
Теһранның принципті саясаты көршілес елдермен, соның ішінде Армениямен байланыстарды арттыруды көздейді. Сол себепті Теһран Ереванмен барлық салада байланыстарын нығайтуды қалайды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның Теһранмен байланыстарын барлық салада арттыруға мүдделі екенін қуаттап, Арменияның Теһранмен жасаған келісімдерін шынайылықпен ілгерілетінін мәлімдеді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ақпан айындағы Теһран сапарында екі ел арасында күннен күнге артып келе жатқан достық пен серіктестікті Иран мен Арменияның ортақ мүддесі мен міндеттері бағытында бағалады.

Армения бүгінде Еуразия Экономикалық Одағының кезеңдік басшылығына ие. Иран президентін Одақ басшыларының саммитіне қатысуға шақыруы Иран мен Еуразия байланыстарындағы жаңа кезеңнін басталғанын білдіреді.
Екі ел байланыстарында жаңа кезең басталған кезде оның көңіл аударарлық бөлімі Еуразия Одағы мен Иран арасындағы еркін сауда келісімдерін жасаумен байланысты.

Еуразия экономикалық Одағы мен ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге мамыр айының 17 күні Қазақстанда қол қойылды.
Еуразия Экономикалық Одағы жеті маңызды мақсатты көздейді: сауданы жеңілдету, ТМД елдері аясында ортақ нарық құру, одақтың ішінде кедендік заңдарды біртіндеп жою, кедендік формальдықтарды үйлестіру, тауарды еркін тасымалдау, инвестиция, Еуразия Одағы шекараларында жұмыс күші мен қызмет көрсету, электр қуаты саласында ортақ саясат орнату, өнеркәсіп, ауылшарушылығы мен тасымал құралдары.

Қазіргі таңда ИИР Еуразия Одағына мүше бес елмен екі жақты инвестиция келісіміне ие. Тіпті Еуразия Одағының ішінде инвестиция келісімдеріне қол қою үшін де көп қалған жоқ.
Армения Кавказ аймағында Түркия, Грузия, Әзірбайжан республикасы және Иранмен шекаралас. Бұл ел Иран мен аталмыш одаққа мүше елдер арасындағы көпір саналады.

Еуразия Одағындағы үлкен мемлекеттердің бірі Ресей 140 млн адамдық нарығымен Иран нарығының алдында тұр. Соңғы бір жылда Иран мен Ресей арасында мемлекеттік басшылар деңгейінде және жеке сектор арасында әртүрлі келіссөздер мен екіжақты кездесулер өтті.

Financial Times жуырдағы бір мақаласында: «Еркін сауда келісіміне қол қою жаңа пайда болған Еуразия Одағы үшін көңіл аударарлық жеңіс болмақ. Әрі Иран мен Кеңес одағының бұрынғы елдері арасындағы байланыстардың нығаюының белгісі» деп жазды.

Иран үшін аймақ елдері және аймақтық одақтармен ынтымақтастық жасау бұрынғы кезеңмен салыстырғанда маңызды болып отыр. Қазір «Жібек жолы» мен «Еуразия одағына мүшелік» деген екі жобаны пайдалану ирандық экономика саласы белсенділері үшін бұрынғыдан бетер маңыздылыққа ие болды.

Иран осы одаққа қосылғаннан кейін екі тарап бойынша 864 тауар преференциалды сауданы қамтитын болады. Иран преференциалды тарифке ие 503 тауарды экспорттай алады.

Одаққа мүше елдердің экспорт, импорттарының құны 753 млрд долларды құрайды. Сол себепті Иранды өте үлкен нарық күтіп тұр.
Осы тұрғыдан Иран Президентінің Армения сапары мен Еуразия Одағы басшыларының саммитіне қатысуы Иран мен Арменияның екіжақты байланыстарын арттырумен қатар аймақ деңгейіндегі экономикалық байланыстарда өзара мүдделерді арттыру үшін де жақсы мүмкіндік саналады.

Джамшид Аминзаде

Аударған: Айнаш Қасым

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент