• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
Категория: Аналитика - Опубликовано: 26/09 - 10:08

АҚШ соңғы жылдары мұнай өндіруді ұлғайтып, шикі мұнай импорттаушы елден экспорттаушы елге айналды. Ақ үй бүгінде Таяу Шығыс мұнайын экономиканы дамытуда үлес қосу ретінде емес, ғаламдық бәсекелестеріне қысым жасау мен бақылау құралы ретінде қолдануда. Бұл туралы «IRNA» ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ ондаған жылдар бойы әлемдегі ең маңызды мұнай импорттаушы ел болды. Ал, Вашингтон сол жылдары Таяу Шығыс мұнайына қатты тәуелді болды және сол себепті де аймақты энергиямен қамтамасыз етуді бақылау үшін түрлі саясатты қолданды. Бірақ қазіргі таңда Ақ үй саясатында мұнайдың орны біршама өзгерді. 

                                                Вашингтон: Мұнай сатып алушыдан  мұнай экспорттаушыға айналу

Соңғы бірнеше жыл ішінде АҚШ-та шикі мұнайды өндіру жүйесі өзгерді. АҚШ-тың мұнай өндірісі біртіндеп ұлғайды, кейіннен біртіндеп экспортқа шығарылды және соңында  елге энергияны, әсіресе шикізатты сатып алудың қажеті де болмады.

АҚШ күніне миллиондаған  баррель мұнай өндіруде және бұл көрсеткіш  апта сайын өсуде. CNN телеарнасының мәліметінше, Америка өткен маусым айында 3 миллион баррель шикі мұнайды басқа елдерге экспорттаған. Халықаралық энергетикалық агенттік тіпті жақын болашақта АҚШ-тың мұнай экспортын күніне 9 миллион баррельге дейін арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Кейбір БАҚ мәліметінше, Америка күніне шамамен 13 миллион баррель мұнай өндіреді және оның айтарлықтай бөлігі шөгінді қабаттардан дәстүрлі емес тәсілмен өндіріледі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек,  тіпті бұл көрсеткіш күніне 15 миллион баррельге дейін жетеді екен.

                                                     Трамптың мұнайға қатысты айтқаны

АҚШ-тың бірқатар БАҚ соңғы кездері, әсіресе Сауд Арабиясының Aramco мұнай нысандарындағы жарылыстардан кейін АҚШ өзін әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ретінде танытты және енді бұл ел Таяу Шығыстан энергия импортын қажет етпейді деп мәлімдеді.«АҚШ-қа соңғы кездері Таяу Шығыс мұнайының қажеті жоқ, әсіресе мұнай мен газдың дүниежүзілік бағасының өсуі жағдайында»,- деп атап көрсетеді The Hill газеті. Әрине бұл Дональд Трамптың Aramco мұнай нысандарына жасалған шабуылға дейінгі де және одан кейін де айтқан сөздері.

Шамамен осыдан екі апта бұрын Дональд Трамп Твиттер  парақшасында өзіне- өзі алғыс білдіріп,  АҚШ президенттігі кезінде елін әлемдегі ең ірі энергия өндіруші елге айналдырғандығы туралы жазды. 

                                         Таяу Шығыс мұнайы; Ақ үйдің бәсекелестерге қысымы

Көптеген сарапшылардың пайымдауынша, соңғы он жылдықтағы әлемдік экономикадағы оқиғалармен Қытай, Еуропалық Одақ және Үндістан сынды елдердің артта қалуы Вашингтонды бақылау құралы ретінде көрсетті. Энергия бағаларымен ойнау және мұнай бағасын әртүрлі саяси тәсілдерімен көтеру АҚШ қарсыластарына қатты әсер етті. Бұл әрекеттер Вашингтон үшін өзінің экономикалық базасы мен халықаралық аренадағы орнын нығайтуда және басқа бәсекелестерге, әсіресе Қытайға жол бермеуде тамаша мүмкіндік болды.

Financial Times газетінің жариялаған баяндамасында Ақ үйдің мұнай саласындағы алаңдаушылығы туралы жазылған және баяндамада бұл  әрекеттер Вашингтон мен оның аймақтық одақтастары арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастығына нұқсан келтіруі мүмкін делінген.

Халықаралық және стратегиялық зерттеу институтының(IISS)  зерттеушісі Джон Альтерман пікірінше, Қытайдың Таяу Шығысқа деген көзқарасы АҚШ-тың көзқарасынан өзгеше және Қытай АҚШ-тың орнына келіп, оны алмастыруды көздемейді, алайда Вашингтон әлі де қырғи қабақ соғысты ұстанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Add comment


Security code
Refresh

Наши партнеры

 

 

 

 

Теңге бағамы

IRR 0.02 0.00
EUR 79.37 -0.28
RUB 1.05 -0.14
KZT 0.18 -0.27
USD 69.78 -0.09
UZS 0.01 0.00
TMT 19.95 -0.02
TJS 7.40 -0.06

Ауа-райы

 

+5°C Тегеран
-9°C Мәскеу
-9°C Алматы
-6°C Бішкек
-20°C Астана
+5°C Душанбе
+2°C Ашхабад
+5°C Ташкент